English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Президенті телефон арқылы сөйлесті
23:58 / 2021-07-05

5 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барасында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, әсіресе сауда-экономикалық саладағы қазіргі қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Президенттер Ауғанстанның солтүстік аймақтарындағы жағдайдың нашарлауына байланысты Орталық Азиядағы жағдайдың дамуына баса назар аударды. Өзбекстан мен Ресейдің құзыретті органдары мен ұйымдары арасындағы тұрақты диалог пен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.