Өзбекстан мен Ресей Каспий теңізі арқылы жаңа бағыттарды пайдаланбақ
Өзбекстан мен Ресей теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Мәскеуде «Көлік апталығы – 2024» шарасы өз жұмысын бастады. Ресей Федерациясының Көлік министрлігі ұйымдастырған бұл ауқымды шара биыл 17-рет өткізіліп отыр.
«Көлік апталығы – 2024» аясында Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамов пен Ресейдің көлік министрі Роман Старовойт арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын бірлесіп жүзеге асыру және Каспий теңізі арқылы жаңа бағыттарды пайдаланудың әлеуеті туралы талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша министрліктер арасында теміржол инфрақұрылымын салу бойынша ынтымақтастық орнату туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.