Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Федерациясының Президенттері телефон арқылы сөйлесті
20:32 / 2022-05-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту, екі ел арасындағы көп салалы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Өткен жылдың қараша айында Мәскеуде өткен саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Осы жылдың басынан бері белсенді диалог пен өзара сапарлардың қарқыны арта түскені атап өтілді. Наурыз айының соңында Ташкент халықаралық инвестициялық форумы мен Өзбекстан астанасында сәуір айында жаңа аймақтық форматта ұйымдастырылған бірінші «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында екіжақты іс-шаралар сәтті өтті. 

Өнеркәсіптік кооперация бойынша басым жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басынан бері тауар айналымы 40 пайызға артты.

Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша маңызды бағдарламалар, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларында жүзеге асырылуда.

Өзбекстан мен Ресей басшылары бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мен өңіраралық байланыстардың зор әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ өңірлік күн тәртібі мен халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасылды.