Өзбекстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумында 9 млрд долларлық келісімге қол қойылды
2021 жылдың 17 қарашасында Өзбекстан Президентінің Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде тікелей және онлайн режимде Өзбекстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың II форумы өтті.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәліметінше, шара аясында екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тауар айналымын арттыру, көлік байланысын кеңейту және туризмді дамыту сынды нақты тақырыптар бойынша сессиялар өтті.
Форум аясында өткен кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде жалпы құны 9 млрд долларды құрайтын 600 екіжақты келісімге, оның ішінде 7,4 млрд долларға 141 инвестициялық жобаға және 1,6 млрд долларға 455 экспорттық келісімшартқа қол қойылды.