Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қытайдың әскери прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастық кеңейеді
13:41 / 2023-07-25

Өзбекстан Бас прокурорының орынбасары – республиканың әскери прокуроры Ботир Қудратхожаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына барды.

Осы сапар аясында Қытай Халық азаттық армиясының Бас әскери прокуроры Чжан Цзиньмен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің әскери прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Кездесуде Өзбекстан Республикасы Әскери прокуратурасы мен Қытай Халық Республикасы Халық-азаттық армиясы әскери прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.