Өзбекстан мен Қытай СІМ басшыларының орынбасарлары кездесті
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлауынша, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сун Вэйдунмен кездесті.
Тараптар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің 23-25 қаңтарда Қытайға мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылады.