Өзбекстан мен Қытай СІМ басшылары кездесті
2023 жыл 15 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтияр Саидов Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР Орталық Комитеті Сыртқы істер жөніндегі канцеляриясының меңгерушісі Ван Имен кездесті.
СІМ мәліметінше, тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылғы қыркүйекте Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындыларын толық орындауға дайын екендіктерін растады.
«Бейбітшілік пен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Өзбекстан мен Қытайдың бірлескен ұстанымдары, сондай-ақ екі елдің БҰҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық институттар аясындағы тығыз ынтымақтастық жасауы сөз болды», делінген хабарламада.
Кездесуде сонымен қатар биылғы жылы екіжақты және көпжақты форматта өткізу жоспарланған бірлескен іс-шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері талқыланғаны айтылады ведомство ақпаратында.