Өзбекстан мен Қытай арасында мәдени құндылықтарды қорғауға қатысты келісім ратификацияланды
«Халықаралық шартты ратификациялау туралы» Президент жарлығы қабылданды.
Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасында мәдени құндылықтарды ұрлау, жасырын қазба жұмыстары және оларды заңсыз әкелу мен әкетудің алдын алу туралы келісім бекітілді.
Келісімге 2024 жылдың 24 қаңтарында Бейжің қаласында қол қойылған. Мәдени мұра агенттігі осы халықаралық келісімді жүзеге асыру үшін жауапты орган ретінде белгіленді.
Министрлер Кабинеті және тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін оның ережелерінің орындалуын белгіленген тәртіппен бақылауды қамтамасыз етеді.