French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қытай арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді
11:47 / 2025-03-28

Өзбекстан мен Қытай арасында түрлі салалармен қатар, білім беру бағыты бойынша да байланыстар жедел дамуып отыр.

Жақында Өзбекстанның Мамандандырылған білім беру мекемелері агенттігіне Қытайдың «Yinghua Group» және «Yinghua Academy» бас директоры Сянгянг Лин бастаған делегация ресми сапармен келді.

Агенттік директоры Алишер Уббиев пен қытайлық делегация басшысы арасында өткен кездесуде, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестік мәселелері талқыланды. Әсіресе, білім саласындағы байланыстардың маңызы ерекше екені атап өтілді.

Кездесуде агенттік жүйесінде ашылуы жоспарланған шет тілдерге бейімделген мектептер мен екінші шет тілі ретінде қытай тілін оқыту, сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар бойынша ақпарат алмасу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдер алмасу жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды. Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өту үшін әрекеттер жоспары келісілді.

Кездесу аясында тараптар өз қызметтері туралы презентациялар жасап, әріптестікке жол ашатын нақты ұсыныстармен бөлісті.