Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстанның футбол ұйымдары арасында меморандумға қол қойылды
12:28 / 2023-09-12

Өзбекстан мен Қырғызстанның футбол ұйымдары арасында халықаралық жарыстар мен жолдастық кездесулерді кеңейту, жаттықтырушыларды, төрешілерді және басқа да футбол мамандарын даярлау бойынша алмасу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ балалар спортының дамуына қолдау көрсету мәселелерін қамтитын меморандумға қол қойылды.

Атаулы меморандумға Қырғызстанның Жалалабад қаласында «Muras Yunayted» және «Андижан» командалары арасындағы жолдастық кездесу алдында қол қойылып, оған Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Эрматов Қырғызстан футбол одағының басшысы Медербек Сидиков қатысты.

Осынау кездесуде екі ел арасындағы бауырластық, көршілік қарым-қатынастар мен футболды дамыту жұмыстары жаңа кезеңге аяқ басқаны атап өтіліп, ынтымақтастықта келешегі зор жобаларды жүзеге асыру туралы бірдей ойда екендіктерін білдірді.