Өзбекстан мен Қырғызстанның энергетикалық жүйелері параллелді жұмыс істейді
2023 жылдың көктемгі маусымында Өзбекстаннан Қырғызстанға 150 миллион кВт/сағ электр энергиясы жеткізілді. Келісімге сәйкес, бұл көлемдегі электр энергиясы жазғы маусымда Өзбекстанға қайтарылады.
ӨР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Қырғызстанның энергетикалық жүйелері параллелді жұмыс істейді.
«Осыны ескере отырып, екі елдің энергетикалық компаниялары арасындағы келісімге сәйкес, электр энергиясын жеткізу өзара тауар алмасу (алынған сомаға қайтару) шартымен жүзеге асырылатын болады», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Қырғыз Республикасы Өзбекстан ауыл шаруашылығын Нарын өзені арқылы сумен қамтамасыз етеді.
Осыған орай, әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасы аз ақшаға Қырғыз Республикасына үлкен көлемде электр қуатын жеткізгені туралы хабар жалған екені айтылған.