Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
12:17 / 2020-11-05

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкентке жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар саяси-сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, су шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзбек-қырғыз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, көпжақты құрылымдар аясындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәсселелер мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтауға екі тарап та бірдей мүдделі екендігі айтылды.

Кездесу аясында тараптар коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл және пандемияның Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастарға әсерін барынша азайту жөніндегі бірлескен күш-жігер туралы пікір алмасты.

СІМ басшылары екіжақты іс-шараларды жалғастырудың маңыздылығын, оның ішінде Өзбекстан-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының және екі елдің әкімдері (өкілетті) кеңесінің кезекті отырысын өткізу жайында сөз болды және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген алдыңғы келісімдерге деген міндеттеме тағы да расталды. 

Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылып, кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды.