Ресми сапармен Шолпан-Ата қаласына барған Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.
«Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев мырзамен кездескеніме қуаныштымын, – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің telegram-арнасында.
– Стратегиялық әріптестікті, әсіресе сауда, экономикалық ынтымақтастық және шекара маңы инфрақұрылымын дамыту бағыттарында тереңдету бойынша тиімді және ашық диалог жүргіздік. Сондай-ақ аймақтық интеграция мен тұрақты даму салаларында іс-қимылдарымызды үйлестіру мәселелерін талқыладық, деген ол.
СІМ басшысының дерегінше, келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Президентінің Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына, сондай-ақ Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылған.
«Қолданыстағы оң үрдістер мен бастамаларды халқымыз үшін ұзақ мерзімді нәтижелерге айналдыру бойынша бірлескен жұмысымызды жалғастырамыз», – делінген министр хабарында.