Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында жасырын екі жер асты жолы анықталды
11:42 / 2024-03-21

ӨР Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Әндіжан облыстық басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ханабад қаласындағы «Ә.Науаи» МА-ның аумағын Қырғыз Республикасының Жалалабад облысының Созақ ауданы Бекабад ауылымен байланыстыратын 2 жасырын жерасты жолы анықталып, ол арқылы Өзбекстанға тауар әкелумен айналысқан Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарынан құралған трансшекаралық қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.

Бастапқыда Қырғыз Республикасының азаматы жерасты жолы арқылы Өзбекстанға 16 қапшыққа салынған жалпы саны 813 ұялы телефон құрылғысын алып өтіп, ал Өзбекстаннан 1 кг 745 гр алтын құймалар мен зергерлік бұйымдарды алып шықпақ болған кезде заттай айғақтармен ұсталды.

Жедел іс-шара жалғасын тауып, оның Әндіжан қаласындағы басқа серіктестері анықталып, олардың 10 мекенжайы тексерілгенде, қылмыс дәліздері арқылы тасымалданған ұялы телефон құрылғылары, планшеттер, ноутбуктер және олардың керек-жарақтары анықталып, іс жүргізу тәртібімен ресімделді.

Айта кетейік, екі жерасты жолы да 20 метр тереңде орналасқан, ені 70-80, биіктігі 170-180, біріншісінің ұзындығы 350, екіншісінің ұзындығы 135 метрді құраған.

Жедел шара барысында топ мүшелерінің бастапқы құны 11 млрд сум болған жалпы 3813 түрлі ұялы телефон құрылғылары, 50 планшет, 97 ноутбук және 1 мыңнан астам аксессуарлар, сонымен қатар 1 кг 745 гр алтын құймасы мен зергерлік бұйымдар тәркіленген.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.