Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасынан ID-картамен өтуге рұқсат берілді
11:58 / 2023-05-05

Екі елдің шекарасынан ID-картамен өту туралы келісімге 2023 жылдың 27 қаңтарында Бішкек қаласында қол қойылған. Ендігі уақытта екі елдің азаматтары шетелге шығу күәлігінсіз-ақ ID-картамен шекарадан өтуіне рұқсат.

27 сәуірде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қырғызстанмен шекарадан ID-карта арқылы өту туралы келісімді ратификациялау туралы құжатқа қол қойды.

3 мамырда Қырғызстанның Жогорку Кенеші «2006 жылғы 3 қазандағы Қырғызстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын үш оқылымда қабылдады.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада екі елдің аумағына азаматтардың кіруіне, шығуына, транзитіне, жүріп-тұруына және болуына құжаттар тізбесін жаңарту көзделген.

Атап айтқанда, қырғыз тарапы келісімге «ID-карта» деген сөздерді қосты. Бұл ретте құжаттан «туу туралы куәлік» деген сөздер алынып тасталды.