Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттерінің келіссөздері басталды
17:50 / 2021-03-11

Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты Көксарай резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Салтанатты шарадағы фотосессиядан кейін Президенттер Шавкат Мирзияев пен Садыр Жапаров мінбеге көтерілді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары ойналған соң Мемлекет басшылары құрметті қарауылдың алдынан өтті.

Ресми қарсы алу сәтінен кейін Президенттердің шағын құрамдағы келіссөздері басталды.

Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық қатынастарды, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайтудың барлық аспектілерін қарастырылатын болып, кездесулер қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданады, сонымен қатар бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылуы көзделген.