Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
14:53 / 2023-05-01

1 мамырда өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті Конституция бойынша референдумның сәтті қорытындысымен және осы шараның жоғары халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылуымен құттықтады.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастық пен кең ауқымды стратегиялық серіктестік қатынастары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Өнеркәсіптік кооперация бойынша ірі жобаларды ілгерілетуде практикалық нәтижелерге қол жеткізіліп жатқаны айтылды.

Бауырлас халықтарымызды жақындастыруда Ош қаласындағы Бабыр атындағы академиялық театрдың күрделі жөндеуден өткен ғимаратының ашылуы мен Қоқан қаласында өткен студенттер спартакиадасының маңызы зор.

Мемлекет басшылары екі елдің ақсақалдары мен жастарының қатысуымен өтетін Ұрпақтар диалогына тыңғылықты дайындалу жөнінде тапсырма берді.

Өңірлік ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде осы жылдың маусым айында Қырғызстанда өтетін көпжақты саммитке дайындық мәселелері бойынша да пікір алмасылды.