Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
14:02 / 2021-04-30

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 сәуірде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың және екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Президенттер қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды және оны тез арада шешу мәселесін талқылап, бұл жөнінде Қырғызстан және Тәжікстан тарапының жағдайды тұрақтандыруға және оның ушығып кетуіне жол бермеуге бағытталған келісімдерге қол жеткізгені жылы қабылданды.

Орын алған барлық даулы жағдайлар ғасырлар бойы ұласып келе жатқан достық, тату көршілік, сенім мен серіктестік рухындағы диалог негізінде шешілуі керек екендігі айтылды.

Сұхбат барысында Мемлекет басшылары осы жылдың наурыз айында Ташкентте өткен саммитте қол жеткізілген бірлескен шешімдер мен келісімдерді жүзеге асыруға назар аударып, ондағы міндеттемелерді сөзсіз орындау және басым жобаларды ілгерілету үшін белсенді алмасуды жалғастыру және ынтымақтастықты кеңейту маңызды екендігі атап өтті.