Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны демаркациялауға дайындалуда
2022 жыл 23-27 желтоқсан күндері Ош қаласында Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерін келісу бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтері делегацияларының жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті.
СІМ дерегінше, тараптар Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстарын реттейтін құқықтық және техникалық құжаттардың жобаларын дайындады.
«Кездесу достық пен өзара ынтымақтастық жағдайында өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасының аумағында өтеді», делінген ресми хабарламада.