Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметінің кеңейтілген делегациясы арасында келіссөздер өтті
13:53 / 2023-01-26

Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары алдында Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтерінің кеңейтілген делегациялары арасында келіссөздер өтті. Оған Өзбекстан Республикасынан Премьер-министрдің орынбасары Джамшид Ходжаев, Инвестициялар, Индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов, Қырғызстан Республикасынан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бахыт Торобаев, сондай-ақ екі мемлекеттің тиісті министрліктері, ведомстволары және желілік бірлестіктерінің жауапты басшылары қатысты.

Екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі күн тәртібі, үдерісті кеңейтудің нақты шаралары қаралып, оы тұрғыдан алғанда, барлық салалардағы әріптестікті тереңдетуге күшті серпін береді деп күтілген Мемлекет басшысының Қырғызстанға мемлекеттік сапарының маңыздылығы сөз болды.

Айта кетерлік жайт, жоғары деңгейдегі сапар аясында «Өзбекстан-Қырғызстан» бизнес-форумын өткізу жоспарланған болып, жиында аталмыш шараға дайындық барысы жан-жақты талқыланды. Конференцияға екі елдің химия, тоқыма, энергетика, автомобиль өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салаларға маманданған іскер топтарының 200-ден астам жетекші өкілдері қатысады деп күтілуде. Форум аясында пленарлық отырыс, жекелеген сессиялар, сондай-ақ B2B форматындағы кездесулер мен келіссөздер өтеді. Іс-шаралардың нәтижесінде 10-нан астам инвестициялық келісімшарттарға қол қою көзделген.

Келіссөздер барысында екі ел өндірушілері арасында өндірістік кооперацияны кеңейтудің және өзара тәуелді қосылған құн тізбегін құрудың маңызды құралына айналған Өзбекстан-Қырғызстан даму қорының қызметі бөлек талқыланады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл қор Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, екі елдің экономикасын жаңғырту және дамыту, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мүмкіндігін тиімді пайдалану мақсатында 2022 жылдың сәуір айында құрылған. 

Тараптар қор қызметінің тиімділігін арттыру, жоспарланған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды жеделдету бойынша нақты бірлескен шараларды белгіледі.

Кездесу барысында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселесі, химия және тоқыма өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары бөлек талқылап, теміржол және автомобиль бағыттарын әртараптандыруды ескере, көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту әлеуетін талдады. 

Сонымен қатар осы келіссөз аясында энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізіліп, талқыланған барлық бастамалар мен жобалар бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмысты жалғастыруға келісілді.