Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары телефон арқылы сөйлесті
17:31 / 2022-08-31

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 31 тамызда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары осы күндері екі елде де кең көлемде мерекеленіп жатқан тәуелсіздік мерекелерімен бір-бірін құттықтап, бауырлас халықтарымызға бейбітшілік, амандық пен гүлдену тіледі.

Өзбекстан-Қырғызстан достығы, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары тұрақты нығайып, екі ел арасындағы көп салалы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

Биылғы жылдың басынан бері өзара сауда көлемі 30 пайызға артты. Белсенді өңіраралық алмасулар жалғасуда, өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобалар жүзеге асырылуда, көлік байланыстары кеңейіп келеді. Маңызды мәдени-гуманитарлық шаралар өткізілуде.

Сұхбат барысында мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссияның келесі отырысын ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізу келісілді.

Көлік және энергетика салаларындағы өңірлік маңызы бар басым инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде «Қамбарата-1» су электр станциясының құрылыс жобасын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту және алдағы ШЫҰ Самарқанд саммитінің күн тәртібін талқылады.