French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан 1 млрд долларға жуық кәсіпкерлік келісім жасады
11:06 / 2021-03-12

11 наурыз Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Ташкентте өзбек-қырғыз бизнес-форумы өтті.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің хабарлауынша, екі елдің іскер топтары арасында бизнес-форум өтіп онда Іскерлік кеңестің құрылуын екі елдің жеке бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға, өзбек-қырғыз іскерлік ынтымақтастығына қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ бірлескен жобаларды қолдауға және ілгерілетуге арналған сенімді алаң ретінде құруды мақұлдады.

Бизнес-форум барысында екі елдің Сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері, тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ жеке сектор өкілдері сөз сөйлеп, ресми бөлімнен кейін B2B түріндегі екіжақты кездесулер сессиясы өткен. Онда екі елдің кәсіпкерлері ынтымақтастық перспективаларын және нақты жобалық ұсыныстарды талқылаған.

Форумның қорытындысы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері арасында жалпы құны 935,1 млн долларды құрайтын 291 инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды, делінген хабарламада.