Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік делегациясы шекараны белгілеу жөніндегі 83-ші отырысын аяқтады
11:01 / 2021-05-29

28 мамыр Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік делегациясы екі көрші елдің шекарасын белгілеу жөніндегі 83-ші отырысын аяқтады.

«24-28 мамырда тараптар мемлекетаралық шекараны белгілеу бойынша қорытынды құжаттарды талқылау мен дайындауды жалғастырды. Келесі кездесу Қазақстанда маусым айында өткізу жоспарланған.» делінген Dunyo хабарында.

Еске салар болсақ, тараптар бұған дейін 10-14 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде Қазақстанның Түркістан облысымен шекаралас Сырдария және Жызақ облыстары шекарасындағы мемлекеттік шекара бөлігін белгілеу бойынша құжаттар жобаларын дайындауды жалғастырған болатын.