Ташкент әскери округінің «Ангрен» дала полигонында Өзбекстан және Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелерімен бірлесіп «Қалқан – 2023» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтті.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл үдерісті екіелдің қорғаныс министрлері тікелей бақылап отырды.


«Бүгінгі таңда әлемнің түрлі аймақтарындағы толқулар, шиеленістер мен қарулы қақтығыстар өзара үнқатысудың шешуші күші болып табылады және олардың біздің өңірдің маңында орын алуы әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақыруда. Бұл арнайы тактикалық оқу-жаттығу екі елдің әскери саладағы көпжылдық тарихи негізге ие достық қарым-қатынасының тағы бір символына айналды», делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес әскери қызметшілер Шекара қызметінің жедел күштері және құралдарымен бірлесе отырып, шартты жауды жою бойынша әрекет еткен.


«Бастапқыда арнайы бөлімшелер ұшқышсыз ұшақтар арқылы барлау және іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жаудың бағытын анықтады. Осыдан кейін шартты жау орналасқан аумақ минометпен атқыланды. Арнайы бөлімшелер заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесіне негізделген жаңа тактикалық әдісті қолданды. Берілген тапсырманы орындау барысында атысты қолдау тобы жеңіл броньды техникамен, жауынгерлік тікұшақтармен ілесіп, шартты жау толығымен жойылды», делінген ведомство ақпаратында.
Бірлескен жауынгерлік қимылдарының тәжірибесі бүгінгі таңда артиллериялық есептердің дербес қозғалысы маңызды екенін көрсетті. Бірлескен оқу-жаттығу барысында жоғары кәсіби дайындық, берілген тапсырманы орындаудағы ұйымшылдық пен қабілеттілік байқалғыны айтылған министрлік хабарында.





ӨзА