Өзбекстан мен Қазақстанның туристік компаниялары арасында туристер ағынын арттыру жөнінде меморандумға қол қойылды.
Өзбекстан Бас консулдығы «VisitShymkent» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп Қазақстанның Шымкент қаласында Өзбекстанның туристік мүмкіндіктеріне арналған іс-шара өткізді.
Шараға Өзбекстан мен Қазақстанның туристік компаниялары мен агенттіктерінің басшылары қатысты. Қатысушыларға Өзбекстандағы туризм инфрақұрылымын дамыту бағдарламалары, ашылып жатқан жаңа маршруттар және еліміздің «қажылық туризмінің» мүмкіндіктері туралы айтылды. Салаға шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері жөнінде де ақпарат берілді.
«Екі елдің туристік компанияларының өкілдері арасында В2В форматында келіссөздер жүргізілді. Тараптар бірлескен турпакеттерді әзірлеуге және туристер алмасуын арттыруға келісті.
Сондай-ақ «VisitShymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «VersaillesTravel» туристік компаниясымен Өзбекстанға туристер ағынын одан әрі арттыру жөнінде меморандумға қол қойды», делінген хабарламада.