French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан транзиттік тасымалды дамытуға күш біріктіреді
16:46 / 2024-12-15

Өзбекстан мен Қазақстан екі ел арасындағы транзиттік тасымалдарды оңтайландыру және логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.

Бұл мәселе Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамов пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың кездесуі барысында талқыланды. Сонымен қатар, шекара өткізу бекеттеріндегі қазіргі жағдай мен екі мемлекеттің ұлттық тасымалдаушылары үшін тең бәсекелестік жағдайын жасау жайы қарастырылды.

Сондай-ақ тараптар Қазақстанның Ақтау және Құрық порттары арқылы жүк тасымалдарын дамыту мүмкіндіктерін сөз етіп, бұл мәселеде бәсекеге қабілетті тарифтерді белгілеу және порт қызметтерін оңтайландыру жағдайы талқыланды.

Бұдан бөлек, кездесуде «Үшқұдық–Қызылорда» және «Дарбаза–Мақтаарал» темір жол жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мәселелесі де сөз болды.