Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Ермек Көшербаевпен телефон арқылы әңгімелесті.
«Құрметті әріптесімді жаңа қызметімен құттықтап, аса жауапты миссиясында табыс тілейміз. Сұхбат барысында стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты талқыладық», – деп жазды Бахтиёр Саидов өзінің Telegram-арнасында.
Тараптар екі ел президенттері деңгейінде қол жеткізілген барлық келісімдерді жүзеге асыру бағытында Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрліктері тығыз әріптестікті жалғастыратынын атап өткен.