Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері Хивада кездесті
13:42 / 2025-03-21

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған делегация Хорезм облысына ресми сапармен келді.

Жоғары мәртебелі қонақтарды Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов қарсы алды.

Хива қаласында Өзбекстан мен Қазақстан сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

[gallery-22388]

– Біз ежелгі Хива қаласында әріптесім, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мырзаны қарсы алып отырғанымызға өте қуаныштымыз, – деді Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов. – Елдеріміз арасындағы одақтастық, стратегиялық серіктестік және ғасырлар бойғы достық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Бүгін біз екі елдің сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысының хаттамасына қол қойдық. Бұл – саяси диалогымызды нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және халықтар арасындағы қарым-қатынасты тереңдетудегі кезекті маңызды қадам. Қос бауырлас мемлекет арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған нәтижелі әрі мазмұнды пікір алмасу өтті.

Сапар аясындағы ресми іс-шаралардан соң делегация мүшелері Хиваның көне «Ічан-Қала» тарихи кешені мен «Нуриллабой» сарайын аралап көрді.

Хиваның бай тарихы, ғылымның дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ өңірдің мәдениеті мен өнері қазақстандық қонақтарға зор әсер сыйлады.

суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА