Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан СІМ басшылары Ташкенттегі Технопаркке барды
16:44 / 2023-08-17

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ташкент қаласындағы технопаркке барды.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мырза және делегация мүшелерімен бірге біз Ташкенттегі 20-дан астам жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қамтитын технопаркте болдық. Біз Өзбекстан-Қазақстан өндірістік кооперациясы мен екі елдің бизнесмендері арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту жолдарын талқыладық», - деп жазды Өзбекстан СІМ өзінің Telegram-каналында.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ташкентке екі күндік сапармен келген еді.