Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан әскерилері бірлесіп арнайы оқу-жаттығуларды бастады
18:45 / 2023-05-15

Ташкент әскери округінің «Ангрен» далалық полигонында Өзбекстан мен Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің ынтымақтастығы аясында «Қалқан-2023» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қорғаның министрлігінің мәліметінше, шарада Ташкент әскери округі әскерлерінің қолбасшысы, полковник Закир Сайфиддинов сөз сөйлеп, екі ел арасында әскери салада осындай тығыз ынтымақтастық орнатудың Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызы зор екенін айтты.

Министрлік дерегінше, осынау бірлескен оқу-жаттығулар өзара тәжірибе алмасуға, білім мен дағдыны шыңдауға, ең бастысы, өзбек-қазақ әскери қызметшілерінің өзара ынтымағы мен достығын нығайтуға қызмет етеді.