Өзбекстан мен Қазақстан әскерилері арасында бірлескен оқу-жаттығулар басталды
«Фориш» полигонында Өзбекстан мен Қазақстан бірлескен әскери жаттығуларды бастады.
ӨР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Орталық әскери округтің «Фориш» тау полигонында Өзбекстан мен Қазақстан әскери қызметкерлері арасында бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар басталды.
«Ханжар-2024» тактикалық оқу-жаттығулары барысында Өзбекстан мен Қазақстанның әскери қызметкерлері түрлі әскери қарудан ату және шартты елді мекенде ұрыс жүргізу әрекеттерін пысықтайды.
Он күнге созылуы жоспарланған арнайы-тактикалық жаттығулар барысында көптеген тәжірибе алмасу жаттығулары ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, «Ханжар-2024» арнайы-тактикалық жаттығуында қос елдің әскери қызметкерлері түрлі әскери қарулардан ату, шартты тұрғын аймақта ұрыс жүргізу және әрекеттерді талдау жаттығуларын орындайды, делінген хабарламада.