Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан шекарада өндірістік кешен салады
16:34 / 2024-02-17

2024 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация кешенінің құрылысы басталады.

Атаулы кешен Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Сырдария облысы Сырдария ауданында салынады. Өнеркәсіп кешені 100 гектарға жуық аумақты алады. Жоба бойынша ол жерде жабық кешен салынып, өндіріс пен көтерме саудаға қолайлы жағдай жасалады.

Күні кеше Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Сырдария облысының әкімі Акмалжон Махмудалиев бастаған делегация тиісті министрліктер мен ведомство өкілдерінің қатысуымен аталмыш жобаны талқылады.

Онда айтылуынша, өндірілген өнім екі елдің, сондай-ақ үшінші елдердің нарығына экспортталады. Нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 10 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.

Кешенді толық пайдалануға беру және коммерциялық пайдалану мерзімі 2030 жыл болып белгіленді. «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясы Түркістан және Сырдария облыстарының жалпы ішкі өнімін арттыруға, сондай-ақ шекаралас өңірлерді ірі логистикалық орталыққа айналдыруға қызмет етеді.

Кездесу соңында тараптар бірлескен құжатқа қол қойды.

Ш.Суяров,Ш.Артиқбаев(сурет), ӨзА