Өзбекстан мен Қазақстан Президенттерінің кездесуі өтті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен елімізге келген соң, Мемлекет басшылары «Ташкент–Хумо» халықаралық әуежайында кездесу өткізді.
Сұхбат барысында, Өзбекстан – Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ертең, 15 қараша күні, жоғары деңгейдегі келіссөздер және Жоғары мемлекеттікаралық кеңестің екінші отырысы өтеді.
Саммит аясында бірлескен жобалар іске қосылып, екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасына қол қойылады деп күтілуде.
