Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан президенттерінің кездесуі нәтижелі болды
21:28 / 2024-04-05

Қазақстан Республикасы Президентінің Өзбекстанға сапары аяқталды.

Көне Хиуа қаласында өткен жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, аймақтық маңызы бар аспектілер бойынша пікір алмасты. 

«Хиуа кілемдері» комбинатының қызметі таныстырылып, республикада өндірілген өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Хиуа қаласындағы «Ичан-қала» кешенінің тарихи ескерткіштері мен Нуриллабай сарайы зиярат етілді.

Үргеніш халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы шығарып салды. Содан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.