Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
21:54 / 2022-10-27

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша практикалық байланыстарды кеңейту қажеттігі айтылды.

Сауданы ұлғайту, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасылды. 11 қарашада Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінің күн тәртібі сөз болды.