Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Шавкат Мирзияев көпұлтты Қазақстан халқын мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылап, бірлескен жобалар мен практикалық ынтымақтастық бағдарламаларын, әсіресе сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салаларды ілгерілетуге баса назар аударды.
Президенттер сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі, оның ішінде осы айда Өзбекстан Республикасының төрағалығымен өтетін ТМД саммитіне дайындық мәселелерін сөз етіп, Достастық және басқа аймақтық және жаһандық құрылымдар шеңберінде тығыз диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Сұхбат соңында екі жақтың да бауырлас елдер арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға бел буғаны расталды.