English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
09:16 / 2020-11-12

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әнгімелесу барысында Мемлекет басшылары екіжақты қатынастар мен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді практикалық ынтымақтастықтың «жол картасына» енгізілген басым секторлардағы экономикалық ынтымақтастық жобаларын одан әрі ілгерілету маңызды екендігі жайлы сөйлесті.

Содай-ақ, аймақтық және іскерлік деңгейдегі белсенді диалогты жалғастыруға, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Президенттер Орталық Азия аймағындағы ахуалды дамыту, халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде ТМД мен ШЫҰ шеңберіндегі диалогты кеңейту туралы пікір алмасып,  болашақ жоғары деңгейдегі іс-шаралардың жоспарына да назар аударды.

ӨзА