Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері Хиуадағы кілем шығаратын ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты
15:49 / 2024-04-05

Президент Шавкат Мирзиёев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хиуа кілемдері» комбинатына барды.

2020 жылы құрылған, құны 24 миллион доллар болатын бұл кәсіпорын жыл сайын 4,2 миллион шаршы метр кілем және кілем бұйымдарын шығарады. Өнімдер АҚШ, Қытай, Ресей, Қазақстан және басқа да ТМД елдеріне экспортталады.

Комбинат Германия, Бельгия, Австрия, Швейцария, Италия, Франция, Түркия елдерінен әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда 750 жұмысшы жұмыс істейді.

Президенттер кәсіпорынның өндірістік процесі және шоурумымен танысты, комбинат аумағында ұйымдастырылған «Made in Uzbekistan» брендімен өндірілген өнімдер көрмесін тамашалады.

Жауапты министрліктер мен ведомстволарға тәжірибе алмасу, ынтымақтастық пен сауданы дамыту тапсырылды.