Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері «AlmatyFair.ai» көрмесіне барды
20:19 / 2025-03-29

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлесіп Алматы қаласындағы «AlmatyFair.ai» цифрлық технологиялар және жасанды интеллект көрмесіне барды.

Мемлекет басшыларына саладағы озық және инновациялық жобалар туралы ақпарат берілді.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып жатқан «Alem.ai» жасанды интеллект орталығының таныстырылымы өтті. 

Бұл – жасанды интеллект бағытында мамандар даярлау, стартаптарды іске қосу және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған платформа.

Сондай-ақ, Президенттер Орталық Азиядағы ең ірі технопарктер консорциумы – «Central Asian Innovation Hubs» (Astana Hub және IT Park Uzbekistan) бірлестігінің қызметімен танысты.

Кездесу соңында екі ел басшылары цифрландыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен IT өнімдерін жасау, жасанды интеллект пен озық ақпараттық технологиялар бойынша ұлттық стратегияларды өзара үйлестіру қажеттігін ерекше атап өтті.