ӨР Денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов бастаған делегация Женева қаласында Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Аджар Гиниятпен кездесті.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Швейцарияның Женева қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы сессиясы өтуде. Атаулы кездесу осы шараға қатысу аясында өткен.
«Медицина саласындағы екіжақты ынтымақтастық кейігі жылдары тұрақты дамып келеді. Қазіргі уақытта тараптар медицина жүйесін цифрландыру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, фармацевтика саласын дамыту сияқты бірқатар бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықта.
Сонымен қатар, жыл сайын екі елдің медициналық жоғары оқу орындарының дәрігерлері мен студенттеріне арналған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Тәжірибе алмасу, шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда. Бұл диалогта басты назар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, оның ішінде оның Еуропалық аймақтық кеңсесі аясындағы ынтымақтастық қатынастарын дамыту перспективаларына аударылды.
Ұйымның бастамасымен әзірленген 2022-2025 жылдарға арналған Орталық Азия елдерінде денсаулық пен салауаттылықты қолдаудың «жол картасы» аймақта денсаулық сақтау саласындағы күш-жігерді біріктіруге бағытталғаны атап өтілді», делінген хабарламада.
Атап айтқанда, бұл құжат климаттық дағдарысқа, COVID-19 пандемиясының асқынуларына және Орталық Азиядағы денсаулық сақтау жүйесіне байланысты проблемаларды жою, аналар және балалар, жұқпалы емес аурулардың алдын алу сынды денсаулық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту бойынша бірқатар маңызды шараларды қамтитынымен маңызды.
Ведомство мәліметінше, кездесуде осы «жол картасында» айқындалған басым мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруды жеделдету мәселесі талқыланып, денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция, форум, семинар мен көрмелер ұйымдастыруға келісілген.