Өзбекстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі мен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді көздейді. Атап айтқанда, соттардың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін арттыру, кадрлар даярлау бойынша жалпы іс-шараларға қатысты білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлесе зерттеулер жүргізу, тәжірибе және ақпарат алмасу, семинарлар мен форумдар ұйымдастыру және басқа да мәселелер қамтылған.

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің делегациясымен кездесуде туысқан екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Қонақтарға Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан сот реформалары, атап айтқанда, соттардың кәсіби корпусын қалыптастыру, қызметке кандидаттарды дайындау, іріктеу және тағайындау бойынша енгізілген ашық жүйе, олардың құқықтық негіздері мен практикалық нәтижелері жөнінде ақпарат берілді.