Өзбекстан-Қазақстан шекарасындағы «Жібек жолы» шекара бекетінде Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін атап, өткен жылдың қараша айында Ташкент қаласында келісілген Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі «Жол картасында» көрсетілген міндеттерді іске асыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Тараптар бекітілген іс-шараларды, екі елдің тиісті министрліктері, ведомстволары мен кәсіпкерлері арасындағы жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықты жандандыру тетігін белгілеп, сауда-саттықты арттыру бойынша бірлескен шараларды, шекарааралық қатынастарды дамыту бойынша нақты шараларды әзірлеуге және Орталық Азия халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құруға назар аударды.
Келіссөздер соңында тараптар осы жобаның іске асырылуын жеделдетуге және екіжақты инвестициялар мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша келесі бірлескен шаралардың жоспарын бекітті.