Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Ибрагим Абдурахманов Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесті.
ӨР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өткен кездесуде екі бауырлас елдің одақтастық қарым-қатынастарын тереңдету және өзара ынтымақтастық салаларын кеңейту, атап айтқанда, жерді өнімді пайдалану, жібек шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, мал терісін өңдеу, күнбағыс өңдеу арқылы май өндіруді жолға қою, өсімдіктерді қорғау, сондай-ақ бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келісімдерді одан әрі жеделдету мүмкіндіктері талқыланды.
Мемлекеттік сапар аясында перспективалық жобалар мен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою, сондай-ақ аграрлық секторда жұмыс істейтін екі елдің ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық конференция өткізу жөнінде пікір алмасылды.
«Өз кезегінде бауырлас екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда астық және майлы дақылдарды өсіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда қол жеткізілген ілгерілеушіліктерге қарамастан, практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін әлі де кең мүмкіндіктер бар екені айтылды», делінген хабарламада.