English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатынауы белгісіз уақытқа шегерілді
10:49 / 2022-04-04

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты халықаралық екіжақты автобус қатынауы кейінге шегерілді.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес көрші елде карантиндік шектеулер енгізілген. Сондықтан халықаралық транзиттік жолаушылар пойызы мен автобустар қатнауы кейінге шегерілді.

«Қазіргі таңда екі ел арасындағы халықаралық жолаушылар пойыздары мен тұрақты автобус қатынасын қалпына келтіру бойынша Қазақстанның мүдделі министрліктері және ведомстволарымен келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бұған дейін, екі ел арасындағы Нөкіс-Бейнеу және Ташкент-Алматы бағыты бойынша халықаралық жолаушылар пойызының қатнауы белгісіз уақытқа шегерілген еді.