French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты
12:41 / 2022-05-05

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 4 мамыр күні Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлескен.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов биылғы жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға артық екенін айтты.

Сондай-ақ тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады, деген хабарламада.