English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы цифрлық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды
09:12 / 2021-02-06

5 ақпанда Қазақстанның Алматы қаласында «Digital Almaty 2021» Халықаралық форумы өтті.

Атаулы шарада Еуразиялық экономикалық одақтың үкімет басшылары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша министрлер мен ірі интернет-жобалар басшылары қатысты.

«Digital Almaty 2021» Халықаралық форумы аясында ӨР Ақпараттық технологиялар және коммуникация министрінің бірінші орынбасары О. Пекос пен ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары А.Ахметжанов арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар электрондық үкімет және цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Тараптар екі ел арасындағы АКТ саласындағы тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілу әлеуетін айтып, серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделіліктерін білдірді, делінген министрлік хабарында.