Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасында қатынушы автобустар саны 2 есеге артады
11:36 / 2023-12-19

Өзбекстан Президентінің тапсырмасымен келесі жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасында қатынушы автобустар саны 2 есеге артады.

Бұл туралы кеше Мемлекет басшысының қатысуымен өткен өңірлердегі өндірісті одан әрі кеңейту және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы жиында айтылды.

Көлік министрлігіне келесі жылы кемінде тағы 1200 автобус сатып алып, маршруттарға шығару тапсырылды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға автобус қатынасы екі есеге арттырылмақ.

Әуе қатынасы нарығында да бәсеке пайда болды, 6 жеке компания жұмыс істей бастады. Жыл басынан бері 25 жаңа ұшақ жеткізілді, 17 бағыт ашылды.

Соған қарамастан саладағы қызмет көрсету көлемі бар болғаны 7,7 пайызға ғана өсті. Көлік министрлігінің алдына келесі жылы әуе тасымалы көлемін 20 пайызға арттыру міндеті қойылды.

Осы мақсатта Ташкент қаласын облыс орталықтарымен байланыстыратын күн сайын кемінде 2 рейс, облыс орталықтарын байланыстыратын аптасына кемінде 1 рейс орындалады, кемінде 7 ұшақ әкелініп, тағы 3 халықаралық бағыт ашылады.