Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасында 2021-2022 жылдардағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасы» бекітілді
21:01 / 2021-06-03

3 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға ресми сапармен келіп, Ташкентте «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева кездесу өтті.

Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арадағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән беретіні, соңғы төрт жылда екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қатынастары жоғары деңгейге көтерілгені айтылды.

Парламентаралық диалог жандана түсті. Көлік коммуникациясы және транзит, еңбек көші-қоны, су пайдалану, мәдениет, білім, гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар бүгінгі кездесуде тараптар Самарқандта Қазақстанның және Шымкентте Өзбекстанның Бас консулдығының ашылуын қуана қарсы алды.

Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлисінің» Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссиясы және жаңадан құрылған ӨР «Олий Мажлисі» Сенатының ҚР Парламенті Сенаты ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы табысты жұмыс істеп жатқандығы атап өтілді.

Осы кездесуде тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасында 2021-2022 жылдардағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасы» бекітіп, кездесу қорытындысына орай тараптар ӨР «Олий Мажлис» құзіретіндегі Заң шығару мәселелері және парламенттік зерттеулер институты мен Қазақстан Парламенті жанындағы Парламентаризм институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.