Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан агенттіктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
11:05 / 2023-03-02

Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігі мен «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсімі онлайн режимде өтіп, меморандумға екі ведомствоның бас директорлары Абдусаид Кучимов пен Раушан Қажыбаева қол қойды.

Осылайша, меморандум «ӨзА» мен «ҚазАқпарат» арасында медиаконтент алмасу, қызметкерлерді өзара тағылымдамадан өту, медиа өнім өндіруде техникалық құралдармен өзара көмек көрсету сияқты мүмкіндіктер туғызады.

Сонымен қатар, тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатын болады.