Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан 2030 жылға дейін өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізбек
11:56 / 2025-03-20

Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, 7 млрд АҚШ долларын құрайтын «Жол картасы» аясындағы жобаларды іске асыру, құрылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құқықтық негізін қалыптастыру және «UZKAZTRADE» бірлескен кәсіпорнының қызметін кеңейту жайы қарастырылды.

«Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2030 жылға дейін өзара тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту бағдарламасына қол қойды. Сондай-ақ, 2025 жылы Қазақстан өңірлерінің Өзбекстанға және Өзбекстан өңірлерінің Қазақстанға сапарларының кестесі бекітілді. Бұл құжат екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек», делінген Қазақстан елшілігі хабарламасында.

Сонымен қатар, тараптар шекара маңы әріптестігін дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және бизнеске жаңа қолдау құралдарын енгізу мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан бүгінде Өзбекстанның сыртқы сауда серіктестері арасында үшінші орында. Ал 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1041 кәсіпорын тіркелген.